378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда алдағы президент сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр

  • 224
  • UPD: 10:48, 21.05.2019

Павлодарда алдағы кезектен тыс президент сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлау заңдылықтарына сәйкес саяси науқанның өткізілуіне 20 күн қалғанда жергілікті атқарушы биліктен сайлаушылардың тізімі алынуы тиіс. Бүгінде бұл тізімдер алынып, сайлау учаскелері кеңсе тауарлары, ақпараттық стендтер және сайлау жәшіктерімен қамтамасыз етілді. Бүгіннен бастап олар толыққанды жұмыс кестесіне көшті. Жұмыс күні таңертеңгі сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жалғасады.

Атап өтер болсақ, жалпы Павлодар облысы бойынша 543 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді.

Александр Маржықбаев, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Монитор, құлаққаппен жабдықталған үстелдер қойылады. Егер де зағип жандар келетін болса ешбір кедергісіз құлаққап арқылы президенттік сайлауға кандидаттар туралы толық ақпараттарды тыңдайды. Сонымен қатар бізде брайль қарпі, және брайль қарпіндегі әдістемелер, жазуды 6 есеге дейін үлкейтетін шынылар болады. Арбамен келген адамның кедергісіз кіруіне жағдай туғызу үшін арнайы кабинкалар орнатылады. Осындай жаңашылдықтарымыз бар.

Наталья Пакидова, №16 сайлау учаскесінің төрайымы:

- Бүгіннен бастап біздің жұмысымыз басталды. Бүгінгі таңда біз сайлаушылардың тізімін алдық, керекті материалдарды. Жалпы сайлауға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы