384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үздік педагог 2019: Соңғы кезеңнің жүлде қоры 10 млн теңгені құрайды

  • 178
Үздік педагог 2019: Соңғы кезеңнің жүлде қоры 10 млн теңгені құрайды

Елордада білім беру мекемелері қызметкерлері арасындағы байқаулардың қалалық кезеңдері өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы турда мектепке дейінгі білім беру нысандарының мамандары бақтарын сынады. Осы жылы дәстүрлі шараға балабақша тәрбиешілері тарапынан 100-ден астам өтініш түсіп, үздіктері ақтық сынға жолдама алды. Мамандар қауымына алдымен бейне-сабақтарын сарапшылардың назарына ұсынып, шеберліктерін дәлелдеді. Кейін шығармашылық жұмыстарын ортаға салды. Үздік мамандарға арналған жүлде де қомақты. Республикалық байқаудың соңғы кезеңінің жүлде қоры 10 млн теңгені құраса, жеңімпазға 696 мың теңгенің сыйақысы тарту етілмек.  Алдағы уақытта техникалық және кәсіби білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің мамандары, сондай-ақ, мектеп мұғалімдері арасындағы додалардың қалалық сайыстары ұйымдастырылмақ. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандар республикалық мәреде шеберлік байқаспақ.

Рауан Жантелиев, білімді жаңғырту орталығы директорының орынбасары:

– Биыл қатысушылар саны көбірек. Ақтық турға 30-дан аса үміткер қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл сайысқа қатысу арқылы әрбір педагогтың мәртебесі артатынына үлкен сенім бар, талап та күшеюде.

Салтанат Аршкенова, «Үздік педагог-2019» байқауының қатысушысы:

– Менің педагогикалық еңбек өтілім – 17 жыл. 32 қатысушы қатыстық, соның ішінде суырылып, сегіз педагог шығып отыр. Байқауда өзімнің білімімді, тәжірибемді көрсеткім келді.

Хабар 24 телеарнасы