383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда үздік тәрбиешілер анықталды

  • 179
  • UPD: 12:45, 21.05.2019
Нұр-Сұлтанда үздік тәрбиешілер анықталды

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Конкурс рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген шығармашыл, дарынды педагогтарды анықтау үшін өткізіліп келеді.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен сегіз қатысушы қазылар алқасына «Менің педагогикалық ұстанымым» атты презентация ұсынды, сондай-ақ педагогикалық жағдайды шешу жолдарын тапты.

Байқау қорытындысына сәйкес, бас жүлдені №8 «Думан» балабақшасының тәрбиешісі Әсия Жұмағұлова жеңіп алды. Бірінші орынды №81 «Әсемгүл» балабақшасының тәрбиешісі Жанагүл Аймуханова, екінші орынды №11 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі Аманжол Нағашыбай иеленді. Үшінші орынға №33 балабақша тәрбиешісі Салтанат Аршкенова ие болды.

Хабар 24 телеарнасы