378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі мемлекеттік бағдарламалардың көбі халықтың көңілінен шықпаған

  • 162
  • UPD: 14:07, 21.05.2019

Елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың көбі жұрттың көңілінен шықпаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның стратегиялық бастамалар орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Сарапшылар елдің пікірін ескеріп, мемлекеттік бағдарламалардың рейтингісін әзірлепті. Халық тарапынан оң бағаға ие болған – «Тілдерді дамыту мен қолдану» бағдарламасы. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы да отандастарымыздың ойынша сәтті жүзеге асырылып жатыр. Ал агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және өңірлерді дамыту, «Бизнестің жол картасы» сынды ірі жобалардың игілігін бұқара сезінбеген. Сондықтан олар бұл бағдарламаларды дамыту мәселесін қарастыру қажет деген ойда.

Бақытжан Сәркеев, стратегиялық бастамалар орталығының жобалар жөніндегі директоры:

– 10 мемлекеттік бағдарламаны қарастырдық. Сол 10 бағдарламаның арасында ең төмен бағаланып отырғаны – «Бизнестің жол картасы», агроөнеркәсіпті дамыту, индустрия бағдарламалары. Бұл – мемлекет тарапынан ең көп көңіл бөлініп отырған, ең көп қаржы жұмсалып отырған бағдарламалар. Сондықтан бұл мәселеге билік тарапынан көп көңіл бөлінуі керек.

Хабар 24 телеарнасы