383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында баспанаға мұқтаж көп балалы аналарға сертификат беріледі

  • 179
Алматы облысында баспанаға мұқтаж көп балалы аналарға сертификат беріледі

Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасымен үй алғысы келетін көп балалы аналарға сертификат беріледі.

Ол есепшотқа салынуы тиіс алғашқы жарнаның 50 пайызына тең. Осы мақсатқа облыс бюджетінен 300 млн теңге қарастырылып отыр. Қазіргі таңда өңірде 3 мыңнан астам көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр. Олар үшін «Нұрлы жер» жобасымен 273 арендалық және 18 несиелік үй салынып жатыр. Одан бөлек, жеке кәсіпкерлер 30-ға жуық көп балалы анаға баспана әперіп, басты мәселесін шешіп берген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 60-қа жеткізу жоспарланып отыр.

Ерлан Әбдәлиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және ӘБ басқармасы басшысының орынбасары:

– Тұрғын үй сертификатын беру мәселесін облыстық мәслихат қарап жатыр. Қаржының көлемі және жүйесі мен санаттары анықталу үстінде. Маусымның бірінен бастап, тұрғындар келіп, сертификаттарын алуына болады. Яғни қайтарымсыз 1 млн теңге беріледі.

Хабар 24 телеарнасы