383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 800-ге жуық бозбала әскери дайындық курсынан өтті

  • 177
Оралда 800-ге жуық бозбала әскери дайындық курсынан өтті

Әскери дайындық шаралары тек ересектер арасындағы ғана емес, сондай-ақ бозбалалар арасында өткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Орал қаласында өскелең ұрпақты әскер қатарына әзірлеу жан-жақты жүріп жатыр. Жоғары сынып оқушылары алғашқы әскери дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін, оқу-далалық жиындарда тексеруде. Биыл 10-сыныпта оқитын 800-дей оралдық бозбала дайындық курстарынан өтті. Таңнан бастап, сап түзеп, ұрыс қимылдарының құпиясына қанықты, жаппай қырып-жою қаруларынан қорғануды үйренді.

Алмас Өтепов, №34 мектептің 10-сынып оқушысы:

– Бес күніміз телефонсыз, байланыссыз өтті. Болашақта Отан алдындағы борышымды өтеймін деп нық сеніммен айта аламын.

Мерей Отаров, оқу-далалық жиынның штаб бастығы:

– Мақсаты – әскери жарғыға сәйкес оқушыларды саптық дайындық, тактикалық, азаматтық қорғаныс арқылы практикалық теориялық білімдерін шыңдау болып табылады. Осы басына бақыт құсы қонған тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы осы жастардың қолында. Осыны жас ұрпақты әскерге дайындау – әскери жетекшілердің борышы, міндеті деп білеміз.

Хабар 24 телеарнасы