384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда шамамен 180 мың неміс ұлтының өкілі өмір сүріп жатыр

  • 586
  • UPD: 15:33, 21.05.2019

Еліміздегі этникалық немістер мен Германиядағы этникалық қазақтар екі ел арасындағы қатынастардың маңызды буыны саналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев пен қоныс аударушылар мен Аз ұлттардың істері жөніндегі федералдық үкіметтің өкілі Бернд Фабрициустің кездесуінде айтылды. Тараптар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен федералдық үкімет арасындағы ынтымақты арттыру мәселесін талқылады.

Айта кеткен жөн, бүгінде Қазақстанда шамамен 180 мың неміс ұлтының өкілі бар. Бір миллионға жуық неміс Қазақстаннан тарихи Отанына оралған. Ал, Германияны 1 мың қазақ мекен еткен.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Бүгінде қос елдің байланыстары саясат пен экономиканың біраз салаларын қамтиды. Германия - Қазақстанның сенімді досы әрі басты әріптесі. Елімізде неміс капиталы бар 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Шамамен неміс инвестициясының 90% астамы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына бағытталады. Яғни қайта өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс материалдарының өндірісі, машина жасау, ауыл шаруашылығы салаларын қамтуда.

Хабар 24 телеарнасы