384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда «Рухани қазына» фестивалі ұйымдастырылды

  • 930
  • UPD: 15:34, 21.05.2019

Бүгін еліміздегі мәдениет пен өнер саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Осыған орай елордада «Рухани қазына» республикалық фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен мәдениет үйі, музей және кітапхана қызметкерлері келді. Бір-бірімен тәжірибе алмасты. Ұлттық мәдени мұраларды халыққа насихаттап таныстыру, қоғамдық сананы жаңғыртудағы тың идеяларын ортаға салды. Фестиваль Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» арнайы жобасы аясында осымен екінші жыл ұйымдастырылды.

Әбіл Жоламанов, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директоры:

Бұл тек қана жалаң басқосу ғана емес. Мұның аясында біздер ең үздік мәдениет қызметкерін ең үздік музей қызметкерін, ең үздік кітапхана қызметкерін анықтай аламыз. Тек қана байқау емес, шара аясында мастер-класс, тренинг яғни шеберлік сыныптар және өзара тәжірибе алмасу сағаттарын ұйымдастыра аламыз.

Элмира Әбдинова, Ш.Уәлиханов атындағы әмбебеп ғылыми кітапхананың директоры (Жамбыл облысы):

- Кітапхана саласы бойынша іс-тәжірибе алмасып, көптеген жаңа жұмыс түрлерімен танысып, көптеген тәжірибе алдық. Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында ашық кітапхана «Адал оқырман» деген үлкен кітапханашысыз кітапхана аштық. Бұл жерде әрине өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуіміз бұл оқырмандарға деген кітапханашылардың сенімі.

Хабар 24 телеарнасы