383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы онкология орталығында ашық есік күні өтеді

  • 141
  • UPD: 17:20, 21.05.2019
Елордадағы онкология орталығында ашық есік күні өтеді

Елордада онкология орталығында қал мен терідегі басқа да дақтарды тегін тексереді.

25 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Онкология орталығында» мамандар ашық есік күнін өткізеді. Бұл күні келушілерге дермоонколог мамандар тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мамандар егер теріде қандай да болмасын дақ немесе түйіншектер пайда болса және оның түрі өзгеріп, өсе бастаса бірден тексерістен өтуге кеңес береді. Сонымен қатар дақтың түсі өзгеруі, қышып немесе үстіңгі жағы қабыршықтанса, дермоонкологқа қаралған жөн.

Ашық есік күні 25 мамырда сағат таңертеңгі 9.00-ден 13.00 дейін өтеді деп жоспарланған. Шара аясында келушілер тері обыры мен меланомаға қатысты тегін консультация алып, тексерістен өте алады.

Хабар 24 телеарнасы