383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аманат» платформасының мүшелері президенттік сайлаудан нені күтетінін айтты

  • 145
  • UPD: 17:48, 21.05.2019
«Аманат» платформасының мүшелері президенттік сайлаудан нені күтетінін айтты

Қазақстандық қоғамды алдағы сайлауда не күтіп тұр? Президент қандай болуы керек?

Бұл сұрақтарды Алматыда Президент сайлауын бақылайтын «Аманат» қоғамдық платформасының мүшелері талқылады. Жиынға қатысқан саясаттанушылар, экономистер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мемлекеттік саясат жаңа экономикалық бағытқа басымдық беруі керек деп есептейді. Экономикалық даму басымдықтары үміткерлердің бәрінің сайлауалды бағдарламаларында қамтылған. Алайда жекелеген салалар бойынша нақтыланбаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сайлаушылардың үміткерлер бағдарламасына деген сенімін оятпайды.

Мұрат Әбенов, «Аманат» азаматтық платформасының көшбасшысы:

- Ең бастысы, сайлаудан кейін өміріміз жақсара ма? Біздің проблемаларамыздың барлығы шешіле ма? Айтылған уәделер орындала ма? Саяси партиялардың өкілдеріне, үміткерлерге айтатын аманаттармыз бар. Сол аманаттар орындалса екен дейді.

Қанат Нұров, «Аманат» қоғамдық платформасының мүшесі:

- Азаматтық қоғам дамуы үшін сайлауға қатысып, дауыс санау барысын бақылау керек. Бұл біздің басты жеңісіміз болар еді. Жастардың да сайлаудағы өзіндік көзқарасын ескеру керек деп ойлаймын. Меніңше, Президент құқықтық құндылықтар аясында әрекет ететін азамат болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы