379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анкарада еліміздегі президенттік сайлау жөнінде баспасөз жиыны өтті

  • 263
  • UPD: 21:47, 21.05.2019

Анкарада еліміздегі кезектен тыс президенттік сайлау мен оған дайындық шаралары жөнінде баспасөз жиыны өтті.

Отырысқа түріктің белді ақпарат агенттіктері, ірі медиахолдинг өкілдері қатысты. Мұнда қазақстандық тарап БАҚ өкілдеріне еліміздегі президенттік сайлау заңнамасы, науқаны мен үміткерлер жайлы жан-жақты ақпарат беріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімінің мән-мағынасына тоқталды. Кездесуде журналисттер Қазақстандағы діни ахуал, Орталық Азиядағы ынтымақтастық үрдісі, Жібек жолы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы және екі ел арасындағы сауда-саттық мәселесі туралы сауал қойып, өзекті тақырыптар төңірегінде ой бөлісті.

Айта кеткен жөн, Түркияда 9 маусым күні 3 сайлау бөлімшесі жұмыс істейді. Олар Анкара, Ыстамбұл мен Анталия қалаларында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы