384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы форумда үздік волонтерлік жобалар таныстырылды

  • 389
  • UPD: 20:36, 21.05.2019

Азаматтық қоғамның іргетасы саналатын еріктілер қозғалысын әлі де жетілдіре түсу қажет.

Қостанайда өткен бүгінгі форумда нақ осы мәселе талқыға түсті. Жалпы екі күнге жалғасқан жиында делегаттар тың идеяларымен бөлісіп, үздік деген әлеуметттік және волонтерлік жобаларын таныстырды. Мақсат-мүдде, ой-пайымдарын әзіл араластыра жеткізудің бұл түрі қызықты. Жастар ұсынған жобалар да сан алуан. Медицинадан бастап, экология салаларына дейін қамтиды. Жиын соңында екі елдің еріктілері ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойды.     

Мадияр Қожахмет, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:

- Бұл іс-шаралар аясында елімізде отансүйгіштік, елге деген пайдасын тигізу әдістері ретінде еріктілік өте біз үшін жағымды үрдіс деп ойлаймын. Сондықтан бұл саланы дамытуды ойлап жатырмыз. Ол үшін заң қабылданып, қазіргі таңда мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы