383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау кезінде Шымкентте 260 учаске жұмыс істейді

  • 254
  • UPD: 21:51, 21.05.2019

Сайлау кезінде Шымкентте 260 бөлімше жұмыс істейтін болады. 569 375 азамат өз таңдауын жасайды деп күтілуде.

Саяси науқанның әділдігін қамтамасыз ету үшін  Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Шымкентке арнайы барып сайлауАлды оқу семинарын өткізді. «Сайлау комисиясына мүше болып тіркелген 2391 маман «Каскад» әдісімен білім алып шықты. Семинар жиында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жайы да сөз болды. Осыған орай биылғы сайлауда оларға арнап, аудио түріндегі сайлау бюлетендері дайындалуда. Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 35 мыңның шамасында. Олардың 29 мыңнан астамының сайлауға қатысуға құқығы бар. Айта кетейік, Шымкент республикалық қала статусын алғалы алғаш рет Президент сайлауын өткізбек.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Сайлауға 20 күн қалғанда барлық жұмыстың негізгісі аймақтарға, аумақтық сайлау комиссияларына сайлау учаскелеріне келеді. Өйткені 20 күн бұрын жергілікті әкімдер, тізімдерді реттеп қолдарын қойып сайлау учаскелеріне береді. Содан кейін сайлау учаскелері оларды қабылдап алып азаматтар тізімнен өзін өзі тексереді. Қажет болатын болса түзетулер енгізеді. Егер басқа жаққа кетіп бара жатқан болса есептен шығару куәліктерін алады. Сайлау учаскелерін қазір жабдықтайды.

Хабар 24 телеарнасы