378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аманат» азаматтық платформасының мүшелері СҚО жұртымен кездесті

  • 187
  • UPD: 20:41, 21.05.2019

Республикалық «Аманат» азаматтық платформасының мүшелері солтүстік қазақстандықтармен кездесті.

Олар өңірде Президент сайлауының ашық әрі әділ өтуін қадағалайтын тәуелсіз байқаушыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды. Алдағы уақытта әр ауданда платформаның мобильді капитандары осылай жұмыс істейтін болады. Олар теңдік, саналы таңдау, әділдік, келісім және сенім сынды 5 қағиданы негізге алып отыр.

Шыңғыс Лепсібаев, «Аманат»  азаматтық платформасы жетекшісінің орынбасары:

- Біз халықаралық сайлау жүйесі негізінде, өзіміздің тұжырымдама методикамызды жасап шығардық. Мұнымен қоса арнайы «Бақылаушы қойын дәптерін»  дайындадық. Осы арқылы Солтүстікте 30-ға тарта адамды оқытамыз. Кейін олар өз аудандарында бұл жұмыстарды жалғастырады. Біздің негізгі мақсат сайлауда адам құқығының бұзылмауын қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы