380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау күні ел аумағында 10 мыңға жуық учаске жұмыс істейді

  • 152
  • UPD: 21:26, 21.05.2019
Сайлау күні ел аумағында 10 мыңға жуық учаске жұмыс істейді

Дауыс беру күні ел аумағында 10 мыңға жуық сайлау бөлімшесі жұмыс істейді.

Әр бөлімше бірін бірі алмастырып отыратын 2 байқаушымен қамтылады. «Аманат» азаматтық платформасы өкілдерінің айтуынша, байқаушылардың нақты тізімі сайлау тақаған уақытта белгілі болады.

Мұсағали Дуамбеков, «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:

- Капитандардың мойнына жүктелетін үлкен міндет бар. Ол өзі 30 учаскеге жауап беру керек. Оны қамтамасыз ету керек. Ол жерде отыратын адамдар нақты, ойлары анық, кәдімгі тұрақты адамдар болу керек. Сайлау күні оларда камера, видео, фотоаппарат, блокнот, тіпті сол күні жейтін құрғақ тамағына дейін дайындау керек.

Хабар 24 телеарнасы