388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойындағы ШОБ тамырына қан жүгірді

  • 444
  • UPD: 22:57, 21.05.2019

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі еліміздегі жүк тасымалы көлемін шамамен екі жарым есеге арттырды.

Ақтөбе облысы арқылы Ресей Федерациясына шығар төте жолмен қазір жылына 33 миллион тонна тауар тасымалданады. Иен далаға жан кіріп, шағын және орта бизнестың тамырына қан жүгірді. 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің сапасына оң бағасын бергендердің бірі Үсен Жандаралиев. Қырғыз елінен Ресейге бет алған жүк көлігінің жүргізушісі бұл жолмен айына бірнеше рет өтеді. Ертеден кешке дейін жолаушылап жүрген жанға демалыс орындарының болуы маңызды дейді. 

Үсен Жандаралиев, жүргізуші: 

-  Бұл жол салынбас бұрын қатынап жүргенде мынадай кэмпинг түгілі барып тоқтап тұратын жер жоқ болушы еді. Көлігімізді қояр орын болмады. Ауқаттанатын асхана да таба алмайсың. 400-500 шақырым жерге дейін жанармай станцияларын кезіктірмей, талай далада қалып жүрдік. Қазір керемет болды. Барлық жағдай бар. 

Жол бойындағы қызмет көрсету саласын қолға алып, кәсіп ашуды көздейтіндер саны артып келеді. Мәселен халықаралық жол бойының Ақтөбе облысына тиесілі 628 шақырым бөлігінде қазірдің өзінде 54 бизнес нысаны бар. 200-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Жыл соңына дейін тағы 5 қызмет көрсету орындары ашылады. Бұл шамамен әрбір 10-ші шақырымда асхана, демалыс орындары мен жанармай құю станциялары орналасқан деген сөз. 

Владимир Гринберг, кәсіпкер: 

- Тәулігіне шамамен 30-ға жуық ірі жүк көлік тоқтайды. Асханадан 120 адамға дейін ас ішіп кетеді. Әзірге ақсап тұрғаны тек қонақүй ғана. Бірақ уақыт өте жолаушылар мен жүргізушілер көліктерін тастап, ыңғайлы жатын орынға келеді деп сенемін. 

Қызмет сапасына да сұранысқа сай талап қатаң. Нарық кәсіпкерлерге өз ережесін нық ұстануға кеңес береді. Сондықтан нысандардың 55 проценті ұлттық стандарттың жоғарғы санатына сай келеді. Бұл жайт жолға қызмет көрсетуші мекемелерге де қол болып тұр. 

Марат Махамбетов, «Қазавтожол» ҰК Ақтөбе облыстық филиалы директоры: 

- Біздер адамдардың аманшылығына көп көңіл бөлеміз. егер адамдар сол кэмпингтерде тоқтап демалған болса жол көлік апаты азаяды. Және адамдардың жағдайы дұрыс болған жағдайда жолдар шаршамайды. Сондықтан олардың да көмегі бізге бір жағынан бар. Боран кездерінде осы кэмпингтер жылыту пунктер ретінде қолданылады. 

Бұл жолдың тағы бір ерекшелігі байланыс пен жүк тасымалын жеделдетті. Санкт Петербордан шыққан көлік шамамен 10 күн ішінде Батыс-Қытай аумағына жетеді. Салыстыра кетсек. Мұндай арақашықтықты су көлігі 45 күнде өтсе, темір жолмен 14 тәулік қажет. 

Мансұр Есқожин, тілші: 

- Халықаралық дәліздің Ақтөбе – Мәртөк бөлігі. Осыдан 6 жыл бұрын соңғы болып күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда Ресейде өңірден тікелей шағытын төте жол осы. Сәйкесінше көлік нөпірі де күрт артқан. Бұл жерден тәулігіне шамамен 10 мыңнан астам автомобиль өтеді. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Хабар 24 телеарнасы