389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да Орталық Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты іске қосылды

  • 283
  • UPD: 00:05, 22.05.2019

Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты іске қосылды.

Отандық инвестор талай жылдан бері тоқтап тұрған кәсіпорынды қайта қалпына келтірген.

Енді өндіріс ошағы жылына 5 мың тонна ет өңдеп, шұжық өнімдерін шығарады.

Надежда Островкина аудан орталығы Тайынша қаласында тұрады. Ет комбинатының ашылуын естіген ол баласымен бірге осында жұмысқа орналасты.

Надежда Островкина, ет өңдеуші:

- Ең бастысы жұмыс тұрақты. Енді адамдар айлықтарын алып, ерінбей еңбек етеді.

Қазір ет комбинатында 70-тен астам адам еңбек етеді. Олар етті терең өңдеп, шұжық өнімдерін шығарады. Кәсіпорын Германияның озық құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Қанат Әтейбеков, ет комбинатының директоры:

- Болашақта біздің жоспар 2019-2020 жылға дейін өзіміздің фермамызды 100 мың басқа дейін көтеруге. Болашақта 10 мың тонна таза ет таза ет өндірісін жоспарлап отырмыз.

Ет комбинаты талай жылдан бері тоқтап тұрған. Инвестор оны қалпына келтіру үшін 5 млрд. теңге қаржы құйды. 50 мың басқа арналған шошқа кешенін де іске қосты.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Модернизациядан кейін шошқа кешені іске қосылды. Оның қуаттылығы 50 мың бас сыйымдылығы. Бір айдан кейін дәл осындай ферманың құрылысын біз бастайын деп отырмыз. Жылдың аяғына дейін 100 мың бас қуаттылығы ферма болайын деп тұр.

Кәсіпорында ет терең өңделеді. Қазір мұнда шұжық, сүр ет және жартылай дайын өнімнің 60 түрі шығарылады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы