378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері елімізде 2 тоннадан астам есірткі тәркіленген

  • 145
  • UPD: 01:25, 22.05.2019

Жыл басынан бері елімізде 2 тонна 144 келі есірткі тәркіленді. Осы бағытта 900-дей қылмыс тіркелген.

Дені қауіпті затты сатушылар. Адамды естен тандыратын есірткіні қазір интернет арқылы саудалайтындар да көбейген. Мәселен, 2017 жылы осындай 400 сайт бұғатталса, былтыр бұлардың саны бес мыңнан асып жығылды. Биылғы төрт айдың өзінде үш жарым мың сайт жабылды. Сондықтан алдағы уақытта жаза қатаңдатылмақ.

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі:

- Ең бірінші біз ҚК толықтырулар мен өзгертулер енгізейін деп отырмыз. Көптеген көшелерге, үйдің қабырғасына, әкімшілік ғимараттардың қабырғасына түрлі сайттардың  адрестері жазылады. Бұл жастарға деген нақты жарнама. Сол сайттарға кіретін болса ол жерде есірткілер саудаланады. Міне осы әрекеттерге біз жауапкершілікті қатаңдатайын деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы