378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жұмысшы жастар арасында дәстүрлі байқау өтті

  • 170
  • UPD: 00:57, 22.05.2019

Өскеменде зауыттар мен кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген жұмысшы жастар арасында дәстүрлі байқау өтті.

«Қайратты жастар-2019» деп аталатын сайыс осымен 6-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Бұл шара жұмысшы мамандығының беделін көтеруді көздейді. «Өндірісті өлкедегі бұл жарысқа қатысушылар саны жыл санап артып келеді» дейді жоба ұйымдастырушылары.

Дәстүрлі «Қайратты жастар» байқауына биыл 11 команда қатысты.Олардың әрқайсы әр зауыттың, кәсіпорынның намысын қорғады. Жұмысшылар нағыз ұжымдық бірлікті көрсететін  шығармашылық және спорттық бағыттағы сайыстарға белсене атсалысты.

Асхат Зикенов, зауыт жұмысшысы:

- Екі жыл бұрын спорттан жеңімпаз болғанбыз ал былтыр шығармашылық сайыста чемпион атандық.Жеңіске жету әрқайсымызға байланысты болды. Өйткені  ұжымдағы ауызбіршілікті  көрсететін командалық жарыстар көп.

Биыл «Жастар жылына орайластырылған шарада  Өскемен мен Семейден өзге, көршілес павлодарлық еңбеккерлер де  бақ сынады. Жалпы 6 номинацияның ішінде әсіресе спорттық жарыстар ерекше тартысты өтті.

Игорь Романюк, спорттық сайыстарды ұйымдастырушы:

- Басты мақсатымыз тек  қарапайым көңілді старттарды өткізу емес. Көздегеніміз еңбек ұжымдарының бірлігі мен татулығын көрсететін сайыстар ұйымдастыру . Барлық спорттық бәсеке осыған негізделді.

Байқау нәтижесінде мырыш зауытының командасы «Үздік шығармашылық ұжым» аталымында жеңімпаз атанды.Ал отандық автокөлік құрастырушылар тобы «Үздік жанкүйерлер» және «Жастар таңдауы» қос номинациясын иеленді. Титан-магний комбинаты «Бірлігі жарасқан ұжым», ал «Кaz Minerals» компаниялар тобының командасы «Үздік жастар ұйымы» аталымдарында жеңіске жетті.  

Арайлым Есімбекова, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Байқауымыздың негізгі мақсаты жұмысшы  мамандығын наисхаттау болса, бүгінде сол ойдан шығып келе жатырмыз. Өйткені бұл конкурсқа қатысушылар саны артып келеді, олар өзара жарысып қана қоймай ,өздерін өзге қырынан  көрсетуге талпынуда.

Соңында 4-курс студенттері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Олар кәсіпорындар  көрсеткен 320 орынға түйіндемелерін ұсынып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін сынады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Руслан Мұхамедиряов

Хабар 24 телеарнасы