380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында сайлауға 716 мыңнан астам тұрғын қатысады

  • 170
  • UPD: 01:40, 22.05.2019

Қазір өңірдегі учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың жалпы тізімін қабылдап, науқан алды шараларға мықтап кіріскен.

Аймақта 484 сайлау бөлімшесі құрылып, бекітілген. Олардың халықты қабылдауға дайындығы 31 мамыр күні пысықталмақ. Барлық қажетті материалдық-техникалық база жасақталып, қамтамасыз етілген. Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға қатысу мәселесі нақтыланып жатыр. Айта кету керек, өңірге Италия мен Швейцариядан алғашқы халықаралық байқаушылар келіп, жұмысын бастаған.

Серғали Айдапкелов, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Арнайы интернет ресурстармен қамтамасыз етіледі. Көз көруі нашар азаматтар үшін лупалар дайындалды. Есту апараттарымен қамтамасыз етіледі. Тоесть келем деген азаматтарға толық жағдай жасалады. Кейбір азаматтар келуге мүмкіндіктері жоқ. Оларға сайлау комиссиясы сол күні переносной жылжымалы урноларды алып барып өздерінің дауысын алады. Ол заңда қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы