383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Маңғыстау облысында 30 мың жаңа жұмыс орны ашылады

  • 133
  • UPD: 08:15, 22.05.2019

Өткен төрт айдың қорытындысында мемлекеттік және аймақтық жобалардың шарапатын 7 мыңға жуық астам тұрғын көріп отыр.

Олар «Еңбек» бағдарламасы аясында өзі таңдаған мамандықты қысқа мерзімде меңгеріп, жұмысқа тұрды. Мұндағы басымдық негізінен білім беру, денсаулық сақтау, техникалық және ауыл шаруашылығы салаларына берілген. Сондай-ақ «Жаңа серпін» аймақтық жобасы арқылы шалғай елді мекеннің 40-тан астам тұрғыны Ақтаудағы жатақханада бір жыл тегін тұру мүмкіндігіне ие болды. Осы аралықта кәсіптік білім алып, өндірістік тәжірибеден өтеді. Кейін сол кәсіпорында қызметке қалуына жағдай жасалады.

Әсет Жоламанұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:

- Маңғыстау облысында қазіргі таңда 322 мыңдай жұмыс күші саны бар. Осы бағдарламалардың әсерінен былтырғы жылдан жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға түсті. Былтыр 4,8 болған. 2019 жылы жалпы 30 мың жұмыс орнын құрамыз деп жоспарлаған болатынбыз. Қазір 1 мамырға 6 мың 744 жұмыс орнын құрып отырмыз. Осы үстіміздегі жылы 2283 азаматты оқытамыз деп жоспарладық. Оның ішінде негізінен қызмет көрсету саласына оқытып бастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы