389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда XVI Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады

  • 386
  • UPD: 12:07, 22.05.2019

Биылғы форумның тақырыбы «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы ма?» деп аталады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, саясаткерлер, экономистер және басқа да саланың білікті мамандары бас қосатын бұл форум биыл елімізде 16-рет өтеді.

XVI Еуразиялық медиафорумның алғашқы жұмыс күні әдеттегідей білікті медиа-сарапшылардың  шеберлік сабақтарынан басталды. Ең алғашқы шеберлік дәрісті «Ньюс Декодер» басшысы, халықаралық «Рейтерс» ақпарат агенттігінің  бұрынғы аға редакторы Ұлыбританиядан келген Нелсон Грейс оқыды. Ол «Экологиялық журналистика» туралы дәріс оқыды. Ал дәл қазіргі сәтте белгілі Ресей кинорежиссеры Сергей Бодров кинодағы продюсерлік өнері туралы өз дәрісін бастайды.

Авторы: Алуа Маханбет

Хабар 24 телеарнасы