389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Тұрғысын өзені арнасынан асты

  • 320
  • UPD: 11:21, 22.05.2019
ШҚО-да Тұрғысын өзені арнасынан асты

Шығыс Қазақстан облысында қатты жауынның салдарынан Тұрғысын өзені арнасынан асып, сол жерде салынып жатқан су электр станциясының бірнеше нысанын басып қалған.

Куәгерлер таратқан әуесқой түсірілімде ағын судың екпіні қатты екені байқалады. Су электр станциясы мамандарының мәліметінше, әдетте ағыс жылдамдығы секундына 300 текше метр болса, қазір ол 800 текше метрге жетіп отыр. Тіпті, сол маңда тұрған техника мен құрылыс материалдарын, вагондарды ағызып әкеткен. Қазір оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері аттанды.

Хабар 24 телеарнасы