389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғысын өзеніндегі жағдай тұрақталды

  • 314
  • UPD: 13:18, 22.05.2019
Тұрғысын өзеніндегі жағдай тұрақталды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Тұрғысын өзеніндегі жағдай тұрақталды.

Қазір су көзінен келер қауіп жоқ. Естеріңізге салайық, қатты жауынның салдарынан Тұрғысын өзені арнасынан асып, сол жерде салынып жатқан су электр станциясының бірнеше нысанын басып қалған. Куәгерлер таратқан әуесқой түсірілімде ағын судың екпіні қатты екені байқалады. Су электр станциясы мамандарының мәліметінше, әдетте ағыс жылдамдығы секундына 300 текше метр болса, қазір ол 800 текше метрге жетіп отыр. Тіпті сол маңда тұрған техника мен құрылыс материалдарын, вагондарды ағызып әкеткен. Қазір оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері аттанды.

Анастасия Скляр, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Тұрғысын өзенінде жағдай тұрақты. Су деңгейі түсті. Елді  мекендерге ешқандай  қауіп жоқ. Құтқарушылардың көмегі қажет болмады. Эвакуация жасалған жоқ. Ешкім зардап шекпеген. Сағат сайын мониторинг жүргізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы