378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Щучинск-Зеренді тас жолының құрылысы тамызда аяқталады

  • 192
  • UPD: 13:19, 22.05.2019
Щучинск-Зеренді тас жолының құрылысы тамызда аяқталады

Ақмола облысының қос бірдей курортты аймағын жалғап жатқан Щучинск-Зеренді тас жолының құрылысы биыл жазда аяқталады.

Жалпы, бұл жол 2017 жылдан бері салына бастады. Ал көктем шыға мұнда асфальт төсеу жұмыстары қайта қарқын алып келеді. Қашықтығы 80 шақырым болатын күре жолдың бойында 5-6 ірі елді мекен орналасқан. Аталған жол, курортты аймақтарды ғана емес, Ақмола облысының Сандықтау және Зеренді аудандарын өңірдің шығыс аудандарымен, сондай-ақ елордамен төте байланыстырып жатыр. Жоспарға сәйкес күре жолдың бойында 10 шақты автобус аялдамасынан бөлек бірнеше жерден жолаушылардың тоқтап, тынығуына болатын алаңқайлар салынбақ.

Айта кетейік, аталған жолдың құрылысына ел қазынасынан 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын.

Төлеген Абдуллин, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры:

- Бұл жол екі жолақты болады. Ал күре жолдың бойынан екі жерден дәретхана мен орындықтары, сондай-ақ ауыл тұрғындарына арналған сауда сөрелері бар тынығу алаңдары салынады. Олар Мәлік Ғабдуллин ауылының және тұзды көлдің маңайында орналаспақ. Ал жалпы жол жөндеу жұмыстарын биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы