389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да бір адам менингит дертін жұқтырған

  • 244
  • UPD: 14:01, 22.05.2019

Батыс Қазақстан облысында 20 жастағы жігіттің менингит дертін жұқтырғаны анықталды.

Бұл жағдай биыл аймақта алғаш рет тіркеліп отыр. Ауруға шалдыққан студент Бәйтерек ауданы Махамбет ауылының  тұрғыны. Қазір санэпидемиолог мамандар дерттің ошағын анықтап жатыр. Сонымен қатар науқаспен байланыста болғандар да дәрігерелердің жіті бақылауына алынды. Аурудың ошағын дәл анықтау оңай емес. «Өйткені бұл індет дені сау адамның ағзасында болуы да әбден мүмкін», – дейді мамандар.

Айта кету керек, жұқпалы аурудың жайылу оқиғасы аймақта осыдан 3 жыл бұрын тіркелген болатын. Ол кезде менингит дертіне 13 адам шалдығып, екеуі қайтыс болған еді.  

Жайдар Құрманов, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- БҚО-да бүгінгі күні менигококк дерті жөнінде эпидемиологиялық жағдай қалыпты деп есептейміз. Менингококк адамнан адамға жұғуы мүмкін болғандықтан, адамдар көп шоғырланатын жерлерге баруды шектеген жөн. Соның ішінде жас балаларды көп шоғырланатын жерлерге апаруды шектеген дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы