389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медиафорум аясында шеберлік дәрістері ұйымдастырылды

  • 280
  • UPD: 13:33, 22.05.2019
Медиафорум аясында шеберлік дәрістері ұйымдастырылды

Тәуелсіз журналистиканың тиімділігі неде?

Медиакеңістікте орын алып үлгерген фрилансердің қызметі қалай бағаланып жүр? XVI Еуразиялық медиафорум аясында өткен 4-шеберлік дәрісі осы мәселелерді талқылады. Басқосуда Ұлыбританиядан келген тәуелсіз журналист Дженни Климан өз тәжірибесімен бөлісіп, идеяны ұсыну, өзіңді дамыту, шығармашылығыңды аудиторияға жеткізу мен өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету бойынша ойларын ортаға салды. Ауқымды халықаралық жиын әрі қарай «Мобильді журналистика», «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбындағы шеберлік сабақтарымен жалғасуда.

Айта кетейік, әлемдік медиа саласының беделді сарапшыларының басын қосқан дәстүрлі Еуразиялық медиафорум үш күнге созылмақ.

Хабар 24 телеарнасы