389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті: Еңбеккерлерді әлеуметтік жағынан қызықтыратын жобаның маңызы зор

  • 295
  • UPD: 14:55, 22.05.2019
ҚР Президенті: Еңбеккерлерді әлеуметтік жағынан қызықтыратын жобаның маңызы зор

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының ферроқорытпа зауытында болды.

Мемлекет басшысына Қазақстан металлургиясы көшбасшыларының бірі саналатын зауыттың технологиялық үдерісі мен өндірістік көрсеткіштері көрсетілді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президентіне «халық бақылауы» жобасы таныстырылды. Бастама аясында мүмкіндігі шектеулі жандар өндіріс орнында қауіпсіздік техникасың сақталуы мен еңбектің қорғалуын қамтамасыз етуге атсалысады.

Мемлекет басшысы жобаның әлеуметтік маңызын атап өтіп, оның іске асырылу нәтижелерін жоғары бағалады, сондай-ақ, бұл тәжірибені кеңінен қолдануды тапсырды.

«Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Өйткені, өндірісте жарақат алып қалу қауіпі жоғары болғандықтан, бұндай жұмыс өте пайдалы және қажет. Еңбеккерлерді әлеуметтік жағынан қызықтыратын жобаның маңызы зор. Баршаңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы