384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшалық медиа мамандар: Форум жоғары деңгейде өтуде

  • 335
  • UPD: 16:38, 22.05.2019

XVI Еуразиялық медиафорумға шақырылған қонақтардың арасында Польшаның белгілі журналисті Богуслав Хработа бар.

30 жылдық тәжірибесі бар маман соңғы 6 жылда «Речь Посполита» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келді.  Бұл – Польшадағы ең беделді баспасөз құралдарының бірі. Жақында бұл газетте Қазақстан туралы мақала жарияланбақ. Богуслав Хработа елімізде болған алайда медиафорумға алғаш рет қатысуда.

Богуслав Хработа, Rzecz Pospolita газетінің бас редакторы:

- Қазақстан секілді бұл форум да дамып жүргенін байқаймын. Сол себептен оның жұмысына қатысқым келеді. Ақпарат құралдары, цифрландыру және заманауи технологиялар – ауқымды әрі өзекті тақырыптар. Осы салалардың мамандарымен кездесіп, тәжірибе бөлісу мен ашылып тұрған мүмкіндіктерді тақылау маңызды деп санаймын. Әдетте біз  Нью-Йорк пен Бейжіңде бас қосатын едік, бұл жолы Қазақстанда кездесеміз. Мені Қазақстан экономикасының дамуы өте қызықтырып жүр, елдеріңіздің болашағы зор деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы