384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жыл басынан 17 мың га алқапта өрт тұтанған

  • 362
  • UPD: 15:19, 22.05.2019
Астанада жыл басынан 17 мың га алқапта өрт тұтанған

Елорда іргесіндегі тоғайда өрт тұтанып, құрғақ шөп отқа оранды.

Қызыл жалынды сөндіру үшін тракторлар, арнайы өрт сөндіру көліктері мен МИ-171 тікұшағы жұмылдырылды. Әуе техникасы орманға жақын орналасқан алқап пен тоғай ішіне әуеден су шашып, дер кезінде тілсіз жауды ауыздықтады. Бүгін қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өткізген оқу-жаттығу желісі осындай. Жалпы, жыл басынан бас шаһарда құрғақ шөптің жануы бойынша 74 жағдай тіркелген. Жалын шарпыған аумақтың жалпы көлемі 17 мың 265 гектарды құрады.

Марғұлан Аманбаев, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы:

- Оқу-жаттығу жұмыстарына «5» деген баға беремін. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласында көлемі 14 мыңға жуық жасыл аймақ бар. Оларды қазіргі таңда «Астана орманы» қадағалайды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бізде 6 бекет орналасқан, оны «Астана орманы» қызметкерлері қадағалап, бақылап отырады.

Жаз маусымы басталғалы қала тұрғындары мен қонақтары табиғат аясында демалып, немқұрайлы әрекеттерінің кесірінен соңы өртке алып келетіні белгілі. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері демалушыларға жағылған алауды соңына дейін өшіру керектігі туралы ескертеді. Және шылым тұқылы мен шыны ыдысты жерге тастамауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы