380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы сайлау учаскелері дайындықтарын пысықтауда

  • 310
  • UPD: 15:30, 22.05.2019
Атыраудағы сайлау учаскелері дайындықтарын пысықтауда

Елімізде ерекше маңызға ие саяси шараға мұнайлы өңірдегі сайлау учаскелері тыңғылықты дайындалуда.

Атырау қаласы бойынша 112 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 22-сі жаңадан бой көтерген ықшам аудандар орналасқан. Сондай-ақ әскери бөлімшелер мен емдеу орындары, уақытша ұстау орындарындағы азаматтар да өз құқықтарын еркін білдіре алады. Қазіргі таңда жергілікті биліктің қолдауымен қалаға қарасты 220 мыңнан астам сайлаушының тізімі бекітіліп, сайлау учаскелеріне таратылды.

Есенжол Жұмағалиев, Атырау қалалық-аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сондай-ақ зағип жандарға арнайы тактильдік жолдар төселеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі арналған бұрыш болады. Ол компьютермен үлкейткіш құралдармен, яғни лупалармен, брайль қарпі құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы