389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында мың жылдық мерекеленеді

  • 393
  • UPD: 15:32, 22.05.2019
Маңғыстау облысында мың жылдық мерекеленеді

Биыл күзде жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Маңғыстау мың жылдығын атап өтеді.

Маңғаз өлке атауының тарих бетінде кездескеніне 10 ғасыр болған. Бұл туралы Мәдениет қызметкерлері күніне арналған жиында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов мәлімдеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шетелдік ғалымдардың қатысыумен кешенді ғылыми зерттеулер, халықаралық деңгейде экспедициялар мен конференциялар өткізілді. Нәтижесінде тың ғылыми жаңалықтар ашылып, Маңғыстау тарихы сонау энеолит заманынан, яғни 6 мың жылдықтан бастау алғаны, ал біздің заманымыздың 1000 жылынан бастап тарих бетінде Маңғыстау атауы пайда болғаны дәлелденді. Осылайша Тәуелсіз Қазақстан тарихында мыңжылдықтар датасын атап өткен Тараз бен Шымкент, Түркістан мен Алматыдан кейінгі бесінші өлке ретінде Маңғыстау қосылып отыр. Мыңжылдықты тойлау алдағы Мемлекеттік рәміздер күнінен бастау алмақ.

Бекболат Төлеген, облыстық тарихи-мәдени қорығының директоры:

- Тек мыңжылдықпен шектелмейді. Бұл тек қала атауының болғанын көрсету мақсатында. Әрине, біздің тарихтың одан да терең қатпарлары бар. Қазан айында көптеген жаңалықтар сіздерге таныстырылатын болады. Бұл шоу бағдарлама немесе конференция жүзінде шектеліп қалмайды. Сонымен қатар кешенді түрде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі, музификация жұмыстары жүреді. Тағы да басқа туризм саласында облыстағы тиісті басқармалар жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы