389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастыру 10 маусымда басталады

  • 289
  • UPD: 16:22, 22.05.2019
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастыру 10 маусымда басталады astana.gov.kz

Білім басқармасы жаңартылған www.e.astana.kz жүйесін таныстырды, жүйе елорда бойынша балабақшаға кезекке тұру және жолдама алу қызметтерін атқарады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Білім басқармасының басшысы жүйенің 2017 жылдан бастап толығымен автоматтандырылғанын, 70 мыңнан астам ата-анаға қызмет көрсетілгенін мәлім етті. Жүйені пайдалану барысында ата-аналар тарапынан біршама ұсыныстар мен сын-пікірлер келіп түсіп, олардың негізінде жүйе жаңартылған. Әнуар Жангозиннің айтуынша, баланы балабақша кезегіне қою үшін ЭЦҚ-ны пайдалану міндетті емес. Мұны енді ұялы телефон арқылы жүзеге асыруға болады.

Екінші жаңашылдық – ата-аналардың таңдау жасауына мүмкіндік беретін мекеме паспорты, оның орналасқан жері, бос орындар саны туралы ақпарат, суреттері және басқа да мәліметтер.

Үшіншіден, әр ата-ана өзіне ұнайтын не болмаса сәйкес келетін балабақшаны таңдап, ол туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы ала алады. Дәлірек айтқанда, таңдаған балабақшада бос орын пайда болған кезде, поштаңызға хабарлама келіп түседі. Сондықтан ата-аналар енді компьютер алдында тәулік бойы отырмай, хабарлама түскен кезде жүйеге кіретін болады.

«Ата-аналар үшін, бірінші кезекте, ашықтық мәселесі орын алады. Сондықтан жүйеде осы мәселе бойынша да өзгерістер енгізілді. Біріншіден, бұл ашық орналасқан хаттамалар тізбегі. Ата-аналар кезекте тұрған және жолдама берілген қызметтердің есебін бақылай алады. Екіншіден, жүйеде сіздің жеңілдік санатыңыз автоматты түрде анықталады. Үшіншіден, блокчейн технологиясының қолданылады. Ол белгілі бір кедергілерді анықтауға мүмкіндік береді», – деді Ануар Жангозин.

Оның сөзінше, жүйенің артықшылығы оның тәулік бойы жұмыс істейтіндігі және үздіксіз процесті жүргізіп, үміткерлер арасында бос орындарды бөлу болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардан бос орындар бойынша ақпарат жүйеге жіберіліп, соған сәйкес жүйеде бос орындары бар мекемелер тізімі жүктеледі. Бос орын кезекте бірінші тұрған өтініш иесіне беріледі, балабақшаға таңдауға оған 3 жұмыс күні беріледі. Содан соң 4-ші күні егер өтініш иесі орынды алмаса, орын кезекте тұрған барлық ата-аналарға қолжетімді болады.

Жаңартылған жүйе ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап іске қосылатын болады. Сол уақытта жүйеге 17 мың бос орын енгізіледі. Олардың 14 мыңы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалард, тағы 3 мыңы шағын-орталықтар негізінде.

Бос орындарды енгізу тәртібі баланың туылған жылына байланысты жарияланады. Мысалы, 10 маусымда – 2016 және 2017 жылғы балалар, 14 маусымда – 2015 жылғы балалар, ал 19 маусымда – 2013 және 2014 жылы туған балалар енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы