378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы сайлаушылардың саны белгілі болды

  • 145
  • UPD: 17:57, 22.05.2019

Жетісу өңіріндегі жалпы сайлаушылардың саны белгілі болды.

9 маусымда өтетін саяси науқанға өңір бойынша 1 миллион 406 мың 204 адам қатысып, өз таңдауын жасамақ. Бүгінде бұл тізім орталық сайлау комиссиясына жіберілді. Жалпы Жетісу өңірінде 1040 сайлау учаскесі құрылып, 7 жарым мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі жасақталды. Қазіргі таңда олардың барлығы дауыс беру кабинасы, жәшік сынды қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. 

Тимур Дауытов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Аймақта 20 анықтамалық колл-орталық жұмыс істейді. Облыс әкімінің сайтында «сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексеріңіз» сервисі іске қосылды. Облыстың сайлау комиссияларына өтініш пен арыздар түскен жоқ. Алдағы сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы