383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда дәрі-дәрмек сатылымына қатысты дау шықты

  • 163
Атырауда дәрі-дәрмек сатылымына қатысты дау шықты

Атыраулықтар корвалол, стрептоцид, парацетамол тіпті қарапайым антигриппиннің өзін сатып ала алмай әуре-сарсаң.

Яғни арнайы рецепт болмаса, дәрі ала алмайсыз. Сөйтіп апта басталғалы талай науқас рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектің өзіне қол жеткізе алмай үйіне бос қайтты. Ал дәріханашылар рецепті есепке алу және сақтау тәртібін түсінбегендіктен, осындай шешім қабылдадық дейді. Енді рецепт бір ай емес, үш жылға дейін сақталуы тиіс. Фармациялық бақылау мекемесінің өкілдері қазір осы өзгерістерді дәріханашыларға түсіндіріп жатыр. Еліміз бойынша қолданыста бар 8 мыңға жуық дәрі-дәрмектің 6 мыңнан астам түрі дәрігердің арнайы тағайындауымен беріледі. Демек қалғанын кез келген дәріханадан сатып алуға болады.

Темірбек Мұсағалиев, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

– Бұл жағдай дәріханашылардың біліксіздігінен туындап отыр. Кейбір дәріханаларда арнайы медициналық білімі бар қызметкерлер болмағандықтан, осындай келеңсіздіктер орын алды. Бұл деректер бойынша тұрғындардың құқығын бұзған дәріханаларға әкімшілік шаралар қолданамыз. Тағы бір мәселе, егер дәрігер емдеуге жолдама беріп, бірақ рецепт бермесе олар да тәртіпке шақырылады.

Хабар 24 телеарнасы