380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында мал сою алаңдарының жабылуына не себеп?

  • 144
Қостанай облысында мал сою алаңдарының жабылуына не себеп?

Қостанай облысында төрт бірдей мал сою алаңының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты себеп – ветеринарлық-санитарлық талаптың сақталмауы. Яғни өңірдегі ірі сауда орындарында ет ешқандай құжатсыз сатылғандығы анықталды. Ал мал сою бекеттеріндегі санитарлық жағдай сын көтермейді. Мұндай келеңсіздік облыстық ветеринария басқармасының жүргізген тексерісі барысында мәлім болды. Соның нәтижесінде жауапты мамандарға әкімшілік санкция қолданылып, 50 мыңнан 65 мың тенге көлемінде айыппұл салынған. 

Бауыржан Бекет, облыстық ветеринария басқармасының басшысы міндетін атқарушы:

– Олар әзірге уақытша жұмысын тоқтатты. Алайда олқылықтарды жойғаннан кейін, бұл шешімді қайта қарауға өтініш бере алады. Содан кейін барып қана өнімді өткізуіне жаңа есептік нөмірін береміз.

Хабар 24 телеарнасы