383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 814 гектар жер өртеніп кеткен

  • 180
Қарағанды облысында 814 гектар жер өртеніп кеткен

Жаздың аптап ыстығы басталмай жатып, Қарағанды облысында 814 гектар жер өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал синоптиктер алдағы үш ай жауын-шашынсыз, құрғақ болатынын айтады. Демек, тілсіз жаудан келетін қауіп сейілген жоқ. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі дайындықтарын пысықтап, Жаңарқа ауданының маңында оқу-жаттығу өткізді. Оған 70-тен астам маман, 20 техника қатысты. Қазіргі күні облыс аумағында Қарқаралы мен Бұйратау ұлттық табиғат паркі және 6 орман шаруашылығы бар. Оған мыңдаған гектар жайылымдық жерді қосыңыз. Айта кетейік, былтыр өңірде 20-дан астам дала өрті тіркеліп, 4 мың гектар алқап жанып кеткен.

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД басшысы:

– Бұл – өте қажетті және қауіпті кезеңге керекті оқу-жаттығулар. Қазгидрометтің мәліметі бойынша, биылғы жаз уақыты ыстық болады деп мәлімет беріп отыр және жаңбырдың аз болатынын айтады. Сол үшін дайындық ретінде өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы