383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы бағытында несие беруге қатысты өтінімдерді қарау мерзімі қысқарды

  • 155
  • UPD: 19:03, 22.05.2019
Ауыл шаруашылығы бағытында несие беруге қатысты өтінімдерді қарау мерзімі қысқарды

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының арқасында қаржыландыруға байланысты шешім 11 күннің ішінде шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бес жылға жоспарланған мемлекеттік бағрдарлама бойынша биыл 117 млрд теңгеге 52 мың шағын несие берілді. Есесіне 50 мыңнан астам ауыл тұрғыны екі қолға бір күрек тапты. Жыл соңына дейін тағы 62 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай көмекке жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі еңбекпен қамтыған тұрғындар, кәсіпкерлер, ауылшаруашылық кооперативтері мен шаруалар жүгіне алады.

Жандар Омаров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы:

– Қазіргі таңда Қордың облыстық филиалдары осы бағдарламаға қатысамыз деген азаматтардың құжаттарын қабылдап жатыр. Жеңілдетілген несие алушы ауыл тұрғындары аудандық жұмыспен қамту орталықтарына барып, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуы тиіс. Сосын Қордың филиалдарына келеді.

Хабар 24 телеарнасы