378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мыңнан аса сайлау бөлімшесі жұмыс істейтін болады

  • 237
  • UPD: 19:48, 22.05.2019
ШҚО-да мыңнан аса сайлау бөлімшесі жұмыс істейтін болады

Шығыс Қазақстан облысында 1040 сайлау бөлімшесі жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймаққа сайлау бюлетендерін салатын 800 жәшік жеткізіліп те қойды. Олардың 600-і – жылжымалы. Енді бұл жабдықтардың барлығы өңірдегі бөлімшелерге таратылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да саяси науқанда өз таңдауын жасауына жағдай жасалады. Жалпы облыста бүгінде 965 105 сайлаушы тіркелген. 

Ерсайын Нәбиев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Сәйкестендіру жұмыстары арқасында осы жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда сайлаушылар саны біршама артып отыр. Қазір ол тізімді нақтылау шаралары әлі де жүргізілуде. 25 мамырдан бастап тұрғындар тұрғылықты жері бойынша өздерінің осы тізімде бар-жоғын анықтап тексере алады.

Хабар 24 телеарнасы