380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда сайлаушылардың саны 10% өскен

  • 271
  • UPD: 20:13, 22.05.2019

Соңғы сайлаудан бері Орал шаһарында сайлаушылардың саны 10 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті жаңадан 8 сайлау бөлімшесі ашылып отыр. Қазір саяси науқанға дайындық қызу.

Алма Жұбанышқалиева – Деркөл шағын ауданының тұрғыны. Қашан да азаматтық ұстанымы айқын, белсенділігі жоғары жандардың санатында. Сайлауға қатысып, дауыс беру борышым деп білетіндіктен, биыл да өзін тізімнен тексеру үшін сайлау учаскесіне арнайы келіпті.

Алма Жұбанышқалиева, Деркөл шағын ауданының тұрғыны:

– Тізімде бармын ба, жоқпын ба, соны білуге келдім. Бар екенмін. Міндетті түрде дауыс беремін.

Деркөл шағын ауданындағы жаңа мектепке орналасқан № 34 сайлау учаскесі биыл құрылған. Дәл қазір мұнда ұйымдастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Дауыс салу жәшігі жеткізіліп, түрлі ақпараттар ілініп тұр. Өздерін тізімнен тексерушілердің де қарасы қалың. Ал үміткерлердің үгіт құралдарына әлі кезек тие қоймапты.

Артур Мұсағалиев, №34 сайлау учаскесінің төрағасы:

– Бұл сайлау учаскесінде 1555 сайлаушылар тізімі бар, тізім алынып нақтыланды. Әлі де жұмыс жүргізілуде. Ілініп, сайлаушылар келіп, тізіммен танысуда. Қазір комиссия құрамында 7 адам бар, жұмыс жасап жатырмыз.

Жайдарман Сариева, Деркөл шағын ауданының тұрғыны:

– Бұрын біздер №32 мектепке барып, дауыс беруші едік. Сол жақта тұрдық. Міндетті түрде қатысамыз. Енді әр адам өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймыз. Сол себепті сайлауға келеміз.

Орал қаласының халқы жыл санап өсіп келеді. Оны сайлаушылар санынан да айқын аңғаруға болады. Соңғы сайлаудан бері облыс орталығында кәмелетке толған, яғни дауыс беру құқы бар тұрғындар қатары 10 % артып, 236 мыңға жеткен. 

София Кенжеғариева, қалалық сайлау комиссиясының төрайымы:

– Кеше заң бойынша 20 мамырда Орал қаласының әкімі қолы қойылған тізім, сайлаушылар тізімі әрбір учаскелерге берілді. Қазір сол сайлау учаскелерінің комиссиясы тізіммен жұмысты бастады. Сайлау учаскелерінң саны 8 учаскеге өсті, бұрын 117 болған, қазір 125.

Сондай-ақ бүгінде қалалық әкімдікте «Call-орталық» жұмыс істейді. Оған қоңырау шалғандар сайлауға қатысты қажетті ақпаратты біле алады.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы