389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы автобус апаты: Жапа шеккендер арасында ҚР азаматтары бар

  • 298
  • UPD: 20:12, 22.05.2019
Италиядағы автобус апаты: Жапа шеккендер арасында ҚР азаматтары бар

Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер мінген автобус аударылды.

Салдарынан бір адам қаза тауып, он адам түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында қазақстандық азаматтардың бары анықталды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі телеграм парақшасында хабарлады.

«Бүгін Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер бар автобус аударылды. Көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болды, шамамен он адам түрлі жарақаттар алды. Барлық зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, төртеуі ауыр жағдайда. Алдын ала деректер бойынша апатта зардап шеккендердің арасында біздің отандастарымыз бар. Қазақстандық консул Рим қаласынан Сиена провинциясына оқиға орнына бағыттанды. Толығырақ ақпарат оқиғаның барлық мән-жағдайын анықтағаннан кейін қосымша беріледі», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы