378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Жамбыл облысында 24 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс береді

  • 222
Сайлау 2019: Жамбыл облысында 24 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс береді

Жамбыл облысында алдағы сайлауға 18 жасқа енді толған 24 мыңнан астам азамат алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасайды.

Қазір облыстық аумақтық сайлау комиссиясы оларға заңды құқықтары мен сайлау үдерісінің тәртібін түсіндіріп жатыр. Ол үшін жастар арасында өзіндік сайлау ұйымдастырылды. Іскерлік ойын түріндегі шара 464-сайлау бөлімшесінде өтті. Сөйтіп колледж студенттері «жастар жазғы мектебінің» көшбасшысын өзара дауыс беру арқылы таңдады.

Сара Мәдиева, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Принциптің бірі сайлаушы өзінің құқығын жақсы білуі керек. Жалпы елдегі жүріп жатқан сайлау процесінің өзі қалай өткізіледі? Соны дұрыс білуі керек. Біздің мақсатымыз – оларды қызықтыру.

Хабар 24 телеарнасы