378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жасыл желек қорын ұлғайтуға баса мән беріліп отыр

  • 159
  • UPD: 07:38, 23.05.2019
Павлодарда жасыл желек қорын ұлғайтуға баса мән беріліп отыр

Алдағы экология күні қарсаңында қаланың өнеркәсіп аймақтарына қарағайдың екі жылдық өскіндері мен  терек  көшеттері отырғызылды.

Экологиялық акциядан қалалар мен аудандар қалыс қалмайды. Жуырда ғана Ақсу қаласында 70 мың түп ағаш көшеттері отырғызылған болатын. Жер қойнауын пайдалану басқармасы мен экология департаменті  жасыл белдеу қалыптастыру  бастамасын көтеруі тегін емес. Өндіріс ошақтары көп шоғырланған индустриялды аймақтың экологиясы сын көтермейді.  Кәсіпорындардан атмосфераға жылына  700 мың тоннадан астам өндірістік қалдықтар  таралады екен. Экологтардың айтуынша   ластанған ауа тек    жасыл желектің көмегімен қалпына келеді. Сол сияқты биылғы жылы облыс орталығындағы барлық саябақтарды   жаңарту көзделген.

Талғат Бешембаев, жер қойнауын пайдалану басқармасы  орман шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Осы жылдың соңына дейін біз жалпы 100 мың түп отырғызамыз қарағай екпелерін. Сонымен қатар кеше, бүгін осы қала маңында басқармамен тағы да 1,5 мың түп кәдімгі терек, пирамидалық терек түптері отырғызылды. Бұл қарағай түптеріне, бұлар жаңағы қылқан жапырақты болғандықтан жалпы өсіп шығуына, толығымен біздің экологияға әсер, ықпалын тигізуге шамамен 3-4 жыл керек. Ал жапырақты тұқымдар биыл салса келесі жылы септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы