380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Әділет департаментінің жас мамандары айыпталған күдіктілермен кездесті

  • 172
  • UPD: 08:31, 23.05.2019
Алматыда Әділет департаментінің жас мамандары айыпталған күдіктілермен кездесті

Алматыдағы Әділет департаментінің жас мамандары жемқорлық ісімен айыпталған күдіктілермен кездесті.

ЛА 155/18 уақытша ұстау изоляторына барған он екі мемлекеттік қызметші жемқорлықтың нәтижесін көзбен көріп, кәсіби мамандардың кеңесін тыңдады. Мұндай іс-тәжірибе әділет департаментінде дәстүрге айналған. Жыл сайын жұмысқа қабылданған қызметкерлер бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық туралы және оның зардабы туралы толық мәлімет алады, дейді мамандар. Осыған дейін аталған шара аясында қырықтан астам мемлекеттік қызметкер тәжірибе алған.

Нұрәлі Абдоллаев,  қалалық әділет департаменті ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы:

- Яғни бұл жаңадан мемлекеттік қызметке тұрған мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сабақ ретінде үлкен профилактика ретінде және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы