384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуразиялық медиафорумның екінші жұмыс күні басталды

  • 155
  • UPD: 13:11, 23.05.2019

Алматыда Еуразиялық медиафорумның екінші жұмыс күні басталды. Медиакеңістіктегі маңызды мәселелерді талқылауға арналған жиында бүгін қандай тақырыптар қамтылады, кімдер дәріс өткізеді?

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Алқалы жиынның екінші күні де маңызды мәселелер жайлы әлемдік сарапшылардың пікірімен ерекшеленбек. Қазір бір сағаттан соң медиафорумның салтанатты ашылуы болады. Онда еліміздің және шетелдің мемлекет қайраткерлерінің арнайы құттықтау хаттары оқылады деп жоспарланған. Айта кетейік, форумның бірінші күнінде, яғни кеше әлемдік медиямамандардың шеберлік сабақтары өте жоғары деңгейде өтті. Білікті мамандардың тәжірибесі қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Ал бүгін форум қатысушылары «Жаһанданусыз әлем дамудың жаңа үлгілерін іздейді» деген тақырыптағы мәжілісте бас қосады.Бүгін талқыланатын тағы бір өзекті тақырып, «Тұтыну дағдарысы». Энергетикалық ресурстың азаюы қазір әлемді алаңдатып отыр. Оған қоса азық-түлік тапшылығы да тығырыққа тіреуде. Сарапшылар адамзат алдында тұрған мәселелерді шешу үшін қандай технологияларды дамыту керек? деген сұраққа жауап іздейді.

Хабар 24 телеарнасы