378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы жасыл желектің маңын көбелектер жаулады

  • 202
  • UPD: 11:21, 23.05.2019

Каспий жағалауындағы шаһарды көбелектер жайлап алды. Оларды әсіресе таңғы және кешкі мезгілде қала көшелеріндегі жасыл желек жанынан көруге болады.

Қанатты жәндіктің бұл түрі «Данаида монарх» деп аталатын көбелек болуы мүмкін. Мұндай жорамалды химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары  айтып отыр. Көбелектер Канада, Ресей арқылы климаты жылы өңірге осыдан үш жыл бұрын ұшып келуі ықтимал. Әдетте олардың өмір ұзақтығы екі айдан аспайды екен. Өсімдік шырынымен қоректеніп, жүрген жерінде жұмыртқа қалдырады. Осыған қарап жиһангез көбелектерді Ақтауға жерсінген деуге болады. Қабыршақ қанаттылардың басқа да ерекшеліктерін енді оқушылар да зерттеп көрмек.

Бекмұханбет Жұмаев, НЗМ биология пәнінің мұғалімі:

- Жоспарда бар зерттеу жұмыстары, мен бұл көбелекті негізі «Данаида монарх» деген ерекше миграцияға бейімделген көбелек түрі ретінде сәйкестендіріп отырмын. Бұл көбелектің бір ерекшелігі, ұзақ қашықтыққа ұша алатындығы. Және ол өзінің жүрген жерінде личинкаларын тастап кетеді. Ауылшаруашылығына ешқандай зиянкес емес.

Хабар 24 телеарнасы