383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы автобустардың қозғалысы өзгереді

  • 266
  • UPD: 11:26, 23.05.2019
Елордадағы автобустардың қозғалысы өзгереді

Нұр-Сұлтандағы Наурыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №4, 34 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

№4 бағдар «73 мектеп-лицей» бастапқы аялдамасынан Наурыз көшесі – Сарыөзен көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Сарыөзен көшесіне солға, Ақмола көшесіне оңға, одан әрі Құсмұрын көшесіне оңға, Ақтөбе көшесіне солға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№34 бағдар «Шарын базары» бастапқы аялдамасынан Ақмола көшесі – Құсмұрын көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Құсмұрын көшесіне тіке, Наурыз көшесіне солға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

Хабар 24 телеарнасы