383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мерзімді басылым оқырманының санына интернет журналистика кері әсер етті

  • 154
  • UPD: 15:37, 23.05.2019

Ғаламтордың дамуы мен интернет сайттардың пайда болуы медианарыққа үлкен өзгеріс әкелді.

Әсіресе мобильді интернеттің даму қарқыны күшейген сайын ақпараттың таралуы мен жеделдігін тездетіп жіберді. Оның пайдасы да, зияны да бар. Бұл түркістандық белгілі журналист Ғабит Сапарбектің пікірі. Оның айтуынша, қазір медианарықтағы ахуал құбылмалы. Ақпаратты табыс көзіне айналдырғандар да, сенсация мен атақ үшін басылым шығаратындар да бар. Соның салдарынан ақпараттың маңыздылығы төмендеп кеткен. Мерзімді басылым оқырмандарының саны азайып, тиражының кемуіне интернет журналистиканың да әсері бар дейді журналист. Ал соңғы жылдары медианарыққа медиа орталықтардың келуі мерзімді басылымдардың басын біріктіріп, тамырына қан жүгірте бастапты. Бірақ бұл жылылық тек мемлекеттік тапсырыс алатын басылымдарға ғана тән. Барлық БАҚ өкілдерінің бір шаңырақ астында бас қосуы ақпараттың сапасы мен маңыздылығына оң әсерін тигізеді. Әрі ақпарат алмасуда жеделділікке қол жеткізеді дейді. Түркістан қаласында да заманауи үлгідегі ақпарат тарату орталығы салынып жатыр. Ол еліміз бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа орталығынан» кейінгі екінші үлкен орталық болмақ. Жедел әрі сапалы ақпарат тарататын жаңа орталық 500 орынға лайықталған. Биіктігі 4 қабатты, аумағы 3 мың 800 шаршы метр болатын ғимаратқа  республикалық БАҚ өкілдері, облыстық телеарна мен жергілікті газеттердің редакциясы жайғасады.

Ғабит Сапарбеков, журналист:

- Түркістан облысы еліміздегі ақпарат саласы дамыған өңірлердің бірі. Бұнда 80-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Соның 55 газет-журнал. Басылымдар мен телеарналардың және сайттардың өзіндік бағыттары бар. Өзіндік тақырыптары бар. Олар өз шама-шарқынша осы өңірдің дамуына үлесін қосып келе жатыр. Медиа орталықтың құрылсы аяқталады. Журналистердің жұмыс істеуіне толық жағдай жасалады деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы