389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бойынша 714 көп балалы отбасы баспанаға қол жеткізді

  • 395
  • UPD: 13:21, 23.05.2019
Қазақстан бойынша 714 көп балалы отбасы баспанаға қол жеткізді Ustinka.kz

Бүгінгі таңда республика бойынша 714 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында өңірлерде көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру басталды.

«Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Парламент тұрғын үй қатынастары жөнінде заң қабылдады. Ағымдағы жылдың мамыр айында бүкіл ел бойынша 2019 жылы жоспарланған 6 мың отбасының 1,2 мың көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде 714 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй алу кезегінде 32 мың көп балалы отбасы тұр. Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы ерекше.

Хабар 24 телеарнасы