378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Tele2 маусым айында Қазақстан нарығынан кетеді

  • 208
  • UPD: 10:03, 24.05.2019
Tele2 маусым айында Қазақстан нарығынан кетеді Yvision.kz

Енді «Қазақтелеком» еліміздегі 4 ұялы оператордың үшеуін бақылайтын болады.

Тele 2 компаниясы Қазақстан нарығынан кетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі Khan Tengri Holding B.V.-мен бірлескен компаниядағы өз үлесін Қазақтелекомға сатты. Осылайша, байланыс операторының 49% акциясы Қазақстандық компанияның үлесіне өтті. Келісім маусым айының соңына дейін толық аяқталады. Енді «Қазақтелеком» Теле 2-нің 80 миллиард теңге сомасындағы несиесін толықтай өтейді. Теле 2 компаниясының қаржылық алымдардан бөлек таза пайдасы 169 миллион АҚШ долларына тең.

Айта кетейік, Теле 2 компаниясы Қазақстан нарығынан кеткеннен кейін «Қазақтелеком» еліміздегі 4 мобильдік байланыс операторының үшеуіне өзі иелік ететін болады.

Хабар 24 телеарнасы